Жер сату жайлы мақала. Жер дауы жайлы. Жер сатып алу жолдарын жеңілдету керек

Қазіргі таңда Қазақстанның көп жері байлар мен олигархтардың қолына көшіп кеткен. Тоқаев айтқандай қазіргі заманғы елде ортағасырлық жер иеленуші тап латифундиялар пайда болыпты.

Жалпы айтсақ жер қазаққа жарамай жатыр. Ол әкіматтан біреудің танысына, туысына тегін алынады да кейін қаншама миллион теңгеге сатылады. Мысалы крыша кз деген сайтта Алматы маңындағы кейбір жерлер неше миллионға, миллиардқа сатылып жатыр:


Сондықтан сол жерді неге бірден әкіматтан сатпасқа? Жер иесі халық болса неге ол өзгенің қолында?

Жерді онлайн сату керек

Әрбір ауыл мен қаланың жерін онлайн, маркетплейстер арқылы әкіматтан тікелей сату керек. Керек болса аукцион арқылы. Ол ақшаға жол, су, тоқ сияқты игіліктерге жұмсасақ ауыл мен қала республикалық бюджетке қарап қалмайды. Адам онлайн жер алады. Сол ақшаға кейін әкімат оған су тартады, тоқ жеткізеді, жол төсейді.

Жер ақысы не бір алаяқтардың қалтасына емес ел игілігі үшін бюджетке жиналады. Қазір Алматы, Астана, Шымкент сияқты мегаполистерде алты сотық жердің өзі ондаған миллион тенгеге сатылады. Бір жер участкесі Алматыда жиырма, елу миллион, жүз миллион тенгеге сатылып жатыр. Елу миллион теңгеге бір көшеге су, тоқ тартуға болады ғой!

Жер дауы болмау үшін оны әкімат сату керек

Жер иесі ел. Демек оны сататын да сол болу керек. Қазір жер дауы көбейіп жатыр. Себебі ол жер әркімнің қолында. Адам жер алу үшін кейде алаяқтарға тап болып ақшасынан қағылып қалады. Құжаты сай келмей, заңды рәсімделмей дегендей. Ол жер әкіматтан тікелей сатылса осындай жер дауы пайда болмас еді.

Кейбір алаяқтар жер рәсімдеуді білмейтін жұрттан ақша алып жоқ боп кетеді. Мысалы жерді сатып алғанда оның жоспарын, орналасуын қарамай қалады. Сондықтан мына "жақта" деп тегіс жерін көрсетіп қойып анқау қазаққа сата салады. Ал шыңдығында ол тегіс емес, тауда, шұңқырда болып қалуы мүмкін.

Жерді онлайн сату ел дамуын жеделдету

Үй салуға арналған ғана жерлерді емес жалға берілетіндерін де онлайн жалға беру керек. Зауыт не фабрика салуға арналған жерлерді де.

Қысқасы барша жерді онлайн сату керек. Не онлайн жалға беру керек. Барша жер онлайн бола қалса болса ел мен бизнесте таңдау бар болады. Адам қалаған жерде үй соға алады. Бизнесмен қалаған жерде кәсіп аша алады. Таңдай алып.

Қазір өкінішке орай ондай таңдау жоқ. Барша жер әкіматта емес не бір делдалдардың қолында. Ал олар болса жерді тегін алып миллион, миллиардқа сатып жатыр. Бұнысы дұрыс па? Ел халыққа тиісті емес пе. Демек оның игілігін де халық көру керек.

Пайдаланбай жатқан жерге салық салу керек

Дамыған елдердің барлығында жер салығы бар. Және ол аз ақша емес. Егер адам жерді пайдаланбаса ол салық көбейе түседі. Бізде болса біреу жиырма, отыз жыл бойы жер телімдерін пайдаға жаратпай ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұр. Жер бағасы қымбаттағанда сата салып. Яғни ғылыми тілімен айтсақ спекуляциялық әрекет етеді.

Ай сайын бір сотка үшін екі мың, бес мың салық қоя салсақ жер пайдасыз қалмайды. Ол салықты төлеу үшін жерді пайдаға жарату керек. Жерді арзан сату қажет болады. Демек жер қолжетімді бола қалады. Алаяқтар ойдан шығарған бағаға жерді сата алмайды.

Көп жер иеленгендерге салықты арттыру

Жері көп адамдар мен компаниялар бар. Соларға жер салығын арттыру керек. Бір жер телімі бар болса бір төбе, ондаған жер телімі бар болса бір төбе. Ондайларға жер салығы артылсын. Жер қымбаттайды деген ниетпен алып кейін қымбат бағаға сатып отырған спекулянттар бар. Солардын салдарынан жер қымбат боп тұр.

Өзін өзі білген ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты

Өзгеге жем болмай қазақ біріксін. Ата-бабаларының даналы сөзін еске алсын. Есін жиып елін табатын кез келді. Елінізді сүйсеніз біздің қатарымызға қосылыныз. Біз халықтық партия құру жолында еңбек етіп жатырмыз. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Байы мен жарлысы тең Қазақстанды.

Әділетті Қазақстанды құрайық. Не бір олигархтарға жем болмай басынды көтер қазақ. Есінді жи. Мына аласапыран заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып.

Ереулі атқа ер салмай

Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгіні теріс салмай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!

Экономика

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою