Шал кет деген сайт кімге керек?
Сонау көне заманда кедей деген қазақтын өзінде жүзге жуық қойы, оншақты жылқысы, бір қала сия салатын кең-байтақ жайлауы бар еді! Ол ол ма? Астыққа толы қоймасы мен тамы бар қыстағы да болған екен. Кейін ақ патша әскері мен идеологиясы келіп ел тыныштығын бұзды, қазақ өз жерінде аш, жалаңаш боп қалды.
Қазір де онып тұрғаны шамалы. Ауылда жұмыс жоқ, қалада үй мен пәтер жоқ. Қалын ел өзгенің пәтерін жалдап нашар халде. Оқу ақысы миллион, пәтер неше мың. Тіпті алақандай жердің өзі де қаншама миллион мен миллиард. Жерді әкіматтан тегін алып кейін қаншама миллионға сатады. Ол қалай? Қалайша мұнай мен газға бай ел бола тұрып кредитттан көізімізді ашпай отырмыз? Анау Дубай сияқты неге болмай отырмыз?
Есінді жиып елінді тап!
Сондықтан ел боп жиылайық. Жаңа Қазақстанды құруға ат салысайық. Іргелі ел болғын келсе бесігінді түзе дегендей әрекет етейік. Көп түкірсе көл дегендей ел боп бір сайтқа қосылып жаңа партия құруға ат салысайық.
Жыламаған балаға сүт жоқ дегендей ел боп әрекет етейік. Бір қауым, бір ел боп ойымызды ортаға салайық. Бір жағадан бас, бір жағадан жең дегендей бәріміз қозғалайық.
Сайтқа қосыл
Сайтқа қосылу тегін әрі оңай. Бар жоғы джимейл бар болу керек. Сайтқа кіріп форумға сұрақ қоя аласыз. Өзгенің сұрағына жауап қатыра аласыз. Елге керек деген мәселелерді қозғай аласыз.
Жаңа Қазақстанды құруға ат салысайық!
Тоқаев ты лидер нации! Мы в тебя верим деп айтып кіріптар болмасақ та Жаңа Қазақстанды, әркімнің жолын ашатын, баршаға тең мүмкіндік беретін, ел байлығын ұрлауға жол берілмейтін мемлекетті құруға ат салысайық. Тоқаев айтқандай қаншама жерді иемденген олигархтармен күресейік.
Бір адамның қолынан не келеді?
Сондықтан ел боп күшті партия құрып алдағы сайлаулардан қалмай қалаған әкімді, депутатты сайлап жатайық. Біздің сөзімізді сөйлейтін. Мұн-мұқтажымызды танитын адамды ел басқару ісіне жол болсын деп сайлап қою керек. Ереулі атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай... дегендей әрекет етейік.
Асыл тастан ақыл жастан
Сонау сәбет заманынан ел басқару ісінде отырған шалдарды пенсияға жіберіп жас мамандарға жол беру керек. Заманауи технологияларды білетін. Заң мен экономиканы шемішкедей шағатын. Тепсе темір үзетін жастарға жол беру керек. Шал кетіп оның орнын жас батыр алсын. Білетін адам әкім болсын. Министр болсын. Білмейтіні орының босатсын. Білімді жастар бізде көп.