Адам баласы өзге қалада оқыса оған сол жақта тұратын жер болу керек. Баяғы кеңестік заманда Қонаев сияқты білімді басшы ел басқарғанда сондай жатақханалар көп еді. Студент негізі біреудің квартирасын жалдап отырмаған. Ол ол ма шәкірт ақы да бар еді. Ақылы оқу деген тіпті болмаған.
Мемлекет студенттерді қолдау керек!
Дамыған елдердің барлығында студентке арнап не бір жатақханаларды салып қояды. Не бір ғылыми зерттеу бағдарламаларды әзірлеп қояды.
Біздегідей студент оқу ақысын төлеу үшін күндіз түні жұмыс істемейді. Мысалы аты әлемге танымал Париждегі Сорбонна университетіндегі бір жылдық оқу ақысы бар жоғы 1000 еуро.

Ал Италияның атақты Болон деген университетіндегі оқу ақысы бар жоғы жылына 700 еуро. Ол жерде қатардағы жұмысшы бір айда орташа есеппен 4000 еуро алып отыратының ескерсек оқу ақысы бір айлықтын 25% ғана болады екен.
Университеттегі оқу ақысы жылына 75 000 теңге болу керек
Бізде орташа жалақы мөлшері 300 000 тенге. Осының 25% дегені бар жоғы 75 000 теңге болып тұр. Демек Қазақстанда оқу ақысы жылына 75 000 теңге болу керек. Осы ақшаға студентті оқытуға болады. Қалайша?
Ең алдымен мемлекет не бір керексіз дүниелерге ақша жұмсамай студенттерді қолдауға жұмсаса. Мысалы жиі өткізіліп отыратын дәстүрлі діндер самитін өткізбесе. Астана балет театрына ақша бермесе. Болашақ бағдарламасына миллиардтап ақша жұмсамаса.
Бакалавриаттағы оқу 3 жыл болу керек
Оқу ақысын азайтатын екінші жол ол бағдарламаны өзгерту. Болашақта маман иесіне қажет болмайтын пәндерді алып тастау керек. Не сабақ саның азайту салу қажет. Мысалы Қазақстан тарихы, философия, математика сияқты пәндер әрбір факультетте оқылады. Қазақстан тарихы мектепте оқылған емес пе? Оны университетте оқудын не керегі бар? Не философия деген пәнді аз оқытса болмай ма?
Осындай курстар көп. Соның салдарынан оқу бізде 3 жылдың орнына 4 не тіпті 5 жылға созылады. Англияда біле білсеңіз бакалавриатта бар жоғы 3 жыл оқиды екен. Бакалавр бізде 4 жыл оқиды.
Елімізде 100 000 студентке жатақхана керек
Алматы қаласының өзінде қаншама мың студент, жас маман бар. Өзге жерден келгендерінің көбі біреудің сасық квартирасын бақандай 200-300 мың теңгеге жалдап жатыр. Тағы бір проблема ол жастар оқуды бітіргеннен кейін сол квартирада жүріп жатуында.
Өзге қаладан келген жастардың көбі ипотекаға үй не пәтер ала алмайды. Өйткені бастапқы жарнаның өзі 5 не 10 миллион теңге. Оған қоса ай сайынғы төлем 400 не 500 мың теңгеге жетуі ғажап емес. Негізі осы проблеманы шешудің оңай жолы бар. Ол елге жер беру. Тегін болмаса қолжетімді ақшаға жер сату.
"Болашақ" бағдарламасын жауып ол ақшаға жатақғана салу керек
Қазақ жерін тастап басқа елде бірнеше жыл оқып келген адам керемет ғұлама, доктор, профессор бола қоймай жатыр. Олардың алған білімі Қазақстан университеттерінің деңгейінде. Кейбірі тіпті одан да төмен. Себебі де белгілі емес пе. Оқу бағдарламасы шамамен бірдей.
Біздің елімізде оқылатын пәндер шетелде де оқылады. Пәлендей айырмашылық жоқ. Сол баяғы - математика, ағылшың тілі, философия және басқалары. Ал соған жыл сайын қаншама миллион, миллиард жұмсалып жатыр. Есесіне қазір бәрі интернет арқылы таралады. Керек кітабінді үйден шықпай-ақ телефоннан таба аласыз.
Жаңа оқу орындары қажет
Қазақстанда оқу сапасы басқа дамушы елдермен салыстырғанда жоғары болып тұр. Оған куә Алматы сияқты қаламызда талай үндіс, пәкістандық, малайзиялық студенттердің бар болуында. Егер нашар болса бізге келер еді ме? Бізде оқып отырар еді ме?
Шетелде зор сұраныс бар болса соны пайдаланып университеттерді неге көбейтпеске? Елге қызықсыз не бір керексіз театр салмай шетелдіктерге қажет университетті неге салмасқа? Солай істесек еліміздің экономикасы дамиды. Өйткені шетелдік студенттер елге валютаны алып келеді. Оған қоса сол университеттерде жұмыс істейтін адам қажет.
Сол университетті салу үшін қаншама мың адам керек. Қаншама адамға жұмыс болады. Бетон құю, кірпіш қалау, әрлеу, бояу, есік салу, тоқ өткізу, жиһазбен толтыру деген жұмыстарға қаншама мың жұмыссыз жүрген жастарды тарта аламыз. Қаншама қазақ жұмыс тауып отбасын асырай алар еді.
Ол жұмыс біткеннен кейін сол университетте студенттерді оқытатын неше мың мұғалім керек. Лаборант, күзетші, менеджер, бухгалтер сияқты қаншама адамға жұмыс табалар.
Студенттерге "Самырұқ-Қазынадан" жұмыс беру керек
Елімізде ірі компаниялардың конгломераты бар. Ол барша ұлттық компанияларды өз бойына шоғырландырған "Самырұқ-Қазына" холдингі. Ол жерге студенттерді практикаға өкімет жіберу керек. Мысалы мұнай факультетінің студенттерін "ҚазМұнайГазға", теміржол саласының таңдаған студенттерді "Қазақстан Темір Жолына" ал физиканы оқып жатқан жастарды "ҚазАтомПром" дегенге ақ жол деп жіберу керек.

Ол жерде студенттер практикасын өткізсін. Және онысы тегін болмасын. Бай, ұлттық компаниялар жас мамандарға жалақы төлесін. Және біраз бөлігін сол жерге жұмысқа алсын. "Ауызы қисық болса да бай баласы сөйлесін" деген заман бітті. Демократиялық елде барша адамның құқығы бірдей болу керек. Министр мен депутат баласы ғана сондай жерде отырмай, не бір білімді, не бір ақылды жастар да еңбек ете алатындай жағдайға жеткізу керек.
Мысалы кешегі Қонаев заманында жастар университетті бітіргеннен кейін не бір ірі зауытқа, фабрикаға, ірі кәсіпорынға оқу орыннан жолдама алып жұмыс істейтін. Және ол жерде жұмысшы емес, білімді маман ретінде еңбек жолын бастайтын.
Университеттерде ұлттық компаниялардың лабараторияларын ашу керек
Ғылымсыз прогресс, даму болмайды. Бұны барша дамыған ел біледі. Су зерттеу институттарын жауып топан суға тап болған Қазақстан өкіметінен басқасы біледі. Ірі, ұлттық деген компаниялар университеттер мен институттарда ғылыми зерттеу кабинеттерін ашу керек.

Мемлекеттік деңгейде әрбір ірі, бюджеті неше миллиардтан асқан компанияларға оқу орында ғылыми кабинет ашу, зерттеу жүргізу керек деген ереже, заң қажет. Сонда ірі компаниялар еліміздің пайдалы қазыналарын ғана алып байып отырмай сонымен қатар ғылымның дамуына да үлес қосады.
Мысалы Америка Құрама Штаттарында барша ірі компаниялардың лабораториялары бар. Сол жерде неше түрлі жаңалық ашылып компаниялар мен елді байытып жатыр. Ал бізде болса ірі халықаралық компаниялар пайдалы қазбаларды алады. Бірақ институт пен университеттердің дамуына үлес қоспайды.
Бізде шың айтсақ ғылыми зерттеу институттарының барлығы дерлік кедей, бишара күйде. Оларға бюджеттен аз ақша бөледі. Ал коммерциялық компаниялар олармен жұмыс істемей жатыр. Америка, Еуропа, Ресей, Қытай сияқты елдерден келген мұнай, газ өндіретін компаниялар бәрін өз жерінен алып келеді. Ноу-хау дегенді басқа елден алып келеді. Бұнысы дұрыс емес. Қазақ ғылымдарының қолы тесік емес, ақша төлесе бізде де ақылды адамдар бар.
Осыны мемлекеттік деңгейде қолға алу керек. "Әй дейтін әже, қой дейтін қожа" болмаған соң олар біздің жерімізде барша пайдалы қазбаларды тиынға алып жатыр. Жаңа Қазақстанда бұндайға орын жоқ.