Субсидия деген не? Субсидия ол мемлекеттен бизнесті қолдау үшін берілетін ақша, қаржы. Қысқаша мемлекеттен бизнеске берілетін көмек.
Субсидия алу
Субсидия алу үшін сіз EGov порталына (egov.kz) тіркеліп кіру керек. QR, Электронды Цифрлық Құжат не логин мен пароль арқылы. Егер порталға кіру мұнға айналса 1414 нөмеріне қоңырау шалып сұраныз. Порталда көмек бере алатын кеңесшілері көп.
Тілкеліп кіргеннен кейін субсидия деп іздеу жолына жазып Enter басыныз. Нәтижесінде бірнеше бет пайда болады. Мысалы мынандай да бар:

Осы жерде неше түрлі субсидиялар бар. Олардың жалпы саны порталда өте көп. Солар жайлы айтып көрейік.
Субсидия түрлері
Қазақстанда субсидия түрлері өте көп. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда екі зат (Кіші жүздің жұрты сияқты зат дейік) көп. Бірі субсидия екіншісі мемлекеттік компаниялар.
Егін шаруашылығына, малға, тұқымға, пәтер алуға, мал емдеуге, жастарға жұмыс беру, жастарды оқыту және басқаларына арнап жасалған сан түрлі бағдарламалар мен субсидиялар бар.
Субсидия алу шарты
Субсидия ол қайтарылмайтын грант сияқты. Жеке кәсіпкер не ірі бизнес соны алып мемлекетке қайтармайды. Сол себептен осы салада қылмыс көп. Ақша қайтарылмайтындықтан оған сұрау жоқ. Беретін маман қалаған адамға беріп қаламаған адамына бермей қалуы ғажап емес.
Субсидия алу шарттары әрбір бағдарлама үшін бөлек болады. Мысалы жерге себілетін тынайтқыш үшін субсидия алу үшін бірнеше шарт бар. Біріншісі оның бір жылдан бұрын себілмеуі. Мысалы екі не үш жыл бұрын себілген тынайтқыш үшін субсидия жоқ. Тек 12 ай ішінде алынып жерге көмілген тынайтқыш үшін субсидия бар.
Оның көлемі мен шарттары жергілікті атқарушы ұйымдардан біле аласыз. Ол облыс пен ауданға байланысты.
Дотация деген не?
Дотация ол шығынды төлеу. Кейбір облыс пен аудандардың салықтан алатын пайдасы елге төленетін қаржыдан аз болады. Сондай облыстарды дотациялық аумақтар деп атайды. Яғни шығыны пайдасынан көп болатыны. Сол шығынды мемлекеттік бюджеттен төлейді. Осыны дотация деп атайды.
Субсидия бәріне қолжетімді емес!
Өкінішке орай Қазақстанда субсидия көбіне ірі агрохолдингтерге беріледі. Ірі компанияларға береді. Және ұсақ пен орта деңгейдегі шаруашылықтарға ол ақша не жетпейді не тым аз боп төленеді. Оның себебі де бәріне белгілі емес пе. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бар байлығы олигархтардың қолында деген емес пе.

Сол олигархтарда қаншама миллион гектар жер бар. Оған субсидия мемлекеттік бюджеттен алынып жатыр. Және көп жерлер кезінде заңсыз жолмен де алынған деп президент айтқан еді.
Субсидия бос жатқан жерлердің көбеюіне себепкер болып отыр
Аңқау адамдар бос жатқан жер телімдері олигархтарға не үшін керек деп ойлап қалуы мүмкін. Не үшін әкіматта таныс не туысқаны бар адам көп жер алып соны не өзі пайдаланбайды не өзгеге сатпайды? Оның сыры неде? Оның сыры субсидияда.
Рас бос жатқан жерге егін егілмей, мал жайылмай қалуы мүмкін. Бірақ құжатта сондай жерлер пәлембай компанияның жері, бір агрохолдингтің егістігі деп жазылып қалады да әкіматтағы адамдар соның арқасында мемлекеттен субсидия алып өз сыбайластарымен байып қалады.
Қайтарылмайтын ақша болған соң субсидияның сұрауы жоқ. Ол банктен алынатын кредит емес. Әкімат бір рет төлемесеңіз сіздің мазанызды алатын банк емес.
Мемлекет субсидия беруден бас тартуы қажет
Субсидия керемет пайдалы дүние емес. Қаншама жыл бойы ол шаруаларға төленіп жатса да ауыл-шаруашылығымыз дамымай жатыр. Баяғыда қазақ малын қалай қарады? Субсидиясыз-ақ қазақ жерінде қаншама миллион қой, жылқы, сиыр, түйе бар еді. Олардың сонау көне замандағы саны қазіргіден бес не тіпті он есе көп болыпты.
Оңтүстікте қаншама шаруы жер жыртып егін еккен. Жүзім, алма, шабдалы, өрік сияқты жемістерді өсірген. Трактор мен комбайынсыз-ақ не бір сәнді не бір дәмді ас бар еді.
Сонау көне заманда сүт көлдей ақты. Ал қазір ше? Оған себеп субсидия мен парақорлық. Не бір қу адамдар субсидия алып қаншама жерді ашса алақанында жұмса жұдырығында ұстап тұр.
Ауыл-шаруашылығын субсидиясыз дамытуға бола ма?
Фермердің бас жауы ақша тапшылығы емес. Ол өнімінің төмен бағамен алынуы. Мысалы жер жыртып картоп еккен фермер 2023 жылы соны бар жоғы 50 теңгемен сатты дейік. Ал дүкендерде ол картоп кем дегенде 200 не 300 теңге болады.
Демек ірі супермаркеттердің, делдалдардың бір күндік пайдасы фермердің бір жылдық пайдасынан 4-6 есе артық болады! Бар гәп осында. Фермер картопқа 20% субсидия алса ол бар жоғы:
50*20% = 10 теңге
Демек бір килограмнан фермер бар жоғы 10 теңге субсидия алады. Ал делдалдардың салдарынан ол мынандай пайдадан қағылады:
300 - 50 = 250
Яғни картоптың бір келісінен бақандай 200-250 теңгеге шамасында пайда көрмейді.
10 теңге көп пе 200 теңге көп пе?
Ауыл-шаруашылығын дамыту жолы
Ауыл шаруашылығы даму үшін мынандай жұмыстар атқарылуы керек:
- Шаруаларға жер оңай жолмен табылуы керек. Барша жер онлайн қосымшада не сайтта бар болуы керек. Осы тақырыпқа мен арнайы жер сату жайлы мақала жазған еді.
- Шаруалар өз өнімін оңай сата алатын халде болуы керек. Ауыл-шаруашылық жәрменкелер, қаладағы қоймалар соларға қол жетімді болуы шарт.
- Сақтандыру жолдары тиімді әрі оңай болуы керек. Егер егін құрап шықпаса, не мал жұттан қырылса соның өтемін алатындай сақтандыру компаниялар көп болуы керек. Қазақстандық сақтандыру компаниялары оған жарамаса шетелдің компанияларын тарту керек.
- Шаруаларға керекті мамандарды дайындау керек. Және фермерлерді оқу орындарымен байланысатын құралдарды дамыту керек. Мысалы университеттің студенттері практиканы сол фермерлерден өтсе. Кейбірі сол жерде жұмысқа қалса да жақсы емес пе. Ол жайында да жатақхана деген мақала бар.
- Ғылыми зерттеу институттарын ашып дамыту керек. Сонау Қонаев заманында қаншама ауыл-шаруашылық институт бар еді. Кейін олардың бәрін жауып өкімет не пайда тапты? Фермерлерге тұқым жасайтын, тынайтқыш құрастыратын институттар керек. Соларға тапсырыс беріп екі жаққа пайдалы болады емес пе.
- Өндеу зауыттарын салу. Жасыратыны жоқ Қазақстанда жеміс-жидек өндіретін зауыттар аз. Тері илейтіндері де көп емес. Солар баяғыда бар еді. Оларды қалпына келтіріп экспортқа дайын киім, дәмді ас шығаруға болады. Экономикада өсім болуы үшін не сұранысты, не ұсынысты арттырады. Жемісті жинап одан дәмді шырын жасайтын зауыттар көп болса фермерлердің еңбегі зая қалмайды. Олар өз өнімін жоғары бағаға сата алады.